Lenovo S850 Smartphone User Manual Page 50

  • Download
  • Add to my manuals
  • Print
  • Page
    / 66
  • Table of contents
  • BOOKMARKS
  • Rated. / 5. Based on customer reviews
Page view 49
Қауіпсіздік және пайдалану туралы маңызды ақпарат
6
Пластикалық қалта туралы нұсқаулы
ҚАУІПТІ
Пластикалық қалталар қауіпті болуы мүмкін. Тұншығу қаупін
болдырмау үшін, пластикалық қалтаны кішкентай балалардың қолы
жетпейтін жерде ұстаңыз.
Есту қабілетін зақымданудан сақтау
Lenovo телефонының құлаққап қосқышы бар. Әрқашан құлаққап қосқышын
құлаққап (гарнитура деп аталатын) үшін қолданыңыз.
АБАЙЛАҢЫЗ
Құлаққаптан шамадан тыс қысым есту қабілетінің жоғалуына әкеп
соқтыруы мүмкін. Егер эквалайзер максималды өсу күйіне келтірілсе,
құлаққапқа жоғары кернеу мен дыбыстың қысымының деңгейі
беріледі. Сондықтан, есту жүйесін зақымданудан сақтау үшін,
эквалайзерді тиісті деңгейде реттеңіз.
Егер құлаққаптың шығыс параметрлері EN 50332-2 спецификациясына
сәйкес болмаса, құлаққапты ұзақ уақыт бойы жоғары дыбыс деңгейінде
шамадан тыс пайдалану қауіпті болуы мүмкін.
Lenovo телефонының гарнитурасының шығыс қосқышы EN 50332-2
стандартының 7 тармақшасына сай келеді. Бұл техникалық сипаттама
Lenovo телефонының ең үлкен кең диапазондағы шын RMS шығыс кернеуін
150 мВ дейін шектейді. Есту қабілетін жоғалтудан сақта у үшін,
құлаққаптардың 75 мВ кернеулі кеңжиекті сиапттамасы бар, EN 50332-2
(7-класс шектеулері) спецификациясына сәйкес екендігіне көз жеткізіңіз. EN
50332-2 құлаққаптарды қолдану, олардың дыбыс қысымының жоғарғы
деңгейіне байланысты қауіпті болуы мүмкін.
Page view 49
1 2 ... 45 46 47 48 49 50 51 52 53 54 55 ... 65 66

Comments to this Manuals

No comments